Бесіктіде 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде

340560385 550485240549737 7260449275488820293 n Жаңалықтар

Бесіктіде балабақша құрылыс жүргізілуде.

Атырау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, екі қабатты бөбекжай 280 орынға лайықталған. Нысанның аумағы 1,80 га құрайды.

Ғимараттың жобасын жасаушы – «Стройдизайнсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан білім нысанының құрылысын «ARSM» мердігер мекемесі жүргізуде. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Аманбай Хұсынов өңірдегі балабақшаларда орын жеткіліксіз екенін айтып, бүгінде ата-аналардан арыз-шағым көп түсетінін жеткізді. Осы орайда, ол «жаңа бөбекжайлар мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда бірқатар мәселелерді шешпек» дейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз