Берсең, балаға бер!

d872ccbd 659f 457d 9fc2 Жаңалықтар

Облыста көру қабілетінен мүгедек 70-тен астам бала бар. Тұңғыш Президент күнінде «ССЕР» компаниясы ерекше балалардың жүзіне қуаныш ұялатты.

Атаулы күннің құрметіне ұйымдастырылған шараны мәз-мәйрам болған өнерлі балалар мың бұралған биімен, әсем әнімен әрледі. Ал, компания өкілдері оларға дайындаған сыйлықты тарту етіп, мерекелік көңіл-күйді жалғастырды.

Қамкөңіл жандарды қоғамнан тыс қалдырмай қолдағандары үшін ата-аналар да дән риза. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директоры Сабит Катишев «мұндай шара зағип жандардың өмірге, қоғамға деген құлшынысын арттырады» дейді.

Өз кезегінде компанияның атқарушы директоры Орақ Бисембиев әр балақайдың жүрегіне қуаныш сыйлаған игі шараның жалғасатынын жеткізді.

  • Бұл шараның тәрбиелік мәні зор. Сондықтан елімізде аталып өтетін маңызды мереке — Тұңғыш Президент күнінде қайырымдылықтан қалыс қалмауды ұйғардық. Тәуелсіз елдің болашағы — балаларға, әсіресе, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарды мейлінше қолдау – компанияның басты қағидасы. Баланың қуанышынан артық ешнәрсе жоқ, — деп атап өтті компания өкілі.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз