Бейбіт күннің батыры Асқар Забикулин атындағы облыстық чемпионат өтті

adbedbd1 1114 4e83 9b97 673d9a1b221c Жаңалықтар

Құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері  – Асқар Забикулинді еске алуға арналған өрт сөндіру бөлімдері арасында функционалды өрттік көпсайыстан (өрт сөндіру кроссфиті) облыстық чемпионат өтті, – деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Өрт сөндіру кроссфиті – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Облыс және аудан көлемінде бұл жарыстың түрі әрбір жыл сайын өтіп жеке құрам арасында өрт сөндіру кроссфитіне деген қызығушылық өсіп келеді.

95217bf1 2342 4016 bf9e 616fa1febc8e

Облыстық чемпионатқа қаладан, аудандардан жасақталған мықты командалар қатысты. Байқау бағдарламасы күрделілігімен және әр түрлілігімен ерекшеленді. Қатысушылар 9 күштік жаттығуларын, соның ішінде жауынгерлік киімді кию, салмағы 36 кг болатын гірді бастан жоғары көтеру, жүгіру, дөңгелектерді бұрыштай итеру, өрт сөндіру жеңдерін жаю, тіпті жеңіл автокөліктің автошинасын зілбалға көмегімен 10 метрге соғып ығыстыру және автокөлікті сүйреу кезеңдерінен өтті.

0d73a3ea 93b4 45e5 8d85 af12d1516fb6 1

Чемпионат қорытындысында  Қызылқоға ауданының №12 ӨСБ командасы I орынға ие болды. II орынды  Атырау қаласы №4 ӨСБ командасы, III орынды  Индер ауданы №5 ӨСБ командасы иеленді. Чемпионат жеңімпаздарына кубоктар, грамоталар, медальдар табыс етілді.

cc7fdef9 fd16 43e4 ae49 ee9ca581becd

Жеке есепте ең жылдам, әрі төзімді болып №12 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Аманқос Азамат Абатұлы (3,04 минут) танылды.

Айта кетейік, өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бұл үлкен физикалық дайындықты және шыдамдылықты талап ететін мамандықтардын бірі.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз