БАС МҮФТИ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

2021 07 15 102420377400 Жаңалықтар

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында еліміздің Бас Мүфтиі мұсылмандарға арналған мәлімдеме жасады.

Мұсылман жамағаты үшін ұлық мейрам саналатын Құрбан айт биыл 20 шілдеде келіп отыр. Осыған орай елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, құрбандық шалу кезінде қандай сақтық шараларды сақтаған жөн екендігін түсіндірді.

– 2020 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылатын болады. Бірінші жолы, жергілікті жерлердегі санитариялық эпидемиологиялық бақылау органдарының арнайы бекіткен орындарында (қасапханаларда), барлық сақтық шараларын сақтай отырып, «сары» және «жасыл» аймақтарда, онлайн және оффлайн форматта өткізу. Екіншіден, «қызыл» аймақта қалып отырған азаматтар үшін онлайн ұйымдастырылады, – деді Бас Мүфти.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз