Балықтың бағасы неге қымбат?

3 Жаңалықтар

«Биыл балық бәсі арзандайды. Біз кәсіпкерлерге тек шикізатты қана сатып қоймай, тереңдетіп өңдеуге ұсыныс жасаудамыз. Ол, әрине, уақыт еншісінде», – деп сендірді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев брифинг барысында.  

3

Жыл сайын балықтың қоры кемімегенмен, бағасы арзандамай отыр. Әрине, оған себеп көп: алыпсатарлар және тағы да басқалар. Ал, ол тұрғындарды қуантпайтыны жасырын емес.

Аймақ басшысының айтуынша, балық бағасы бойынша жиналыс өткізіліп, Ауыл шаруашылығы министрілігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Марлен Айнабековпен кездескен. Құқық қорғау органдары, жергілікті полиция және тағы басқа құрылымдардың қатысуымен өткен штаб отырысында осы мәселе талқыланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз