“Ауғанның асуында от кешкендер”

img 6312 Жаңалықтар

Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Осыған орай Ғ. Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Ауғанстанның ұрыс даласында болып, ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жерлес ардагерлермен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өтті.

img 6311

Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист –жауынгерлер Джалгаспаев Копболды Кайдарұлы, Молдагалиев Рамазан Искакұлы, Кайрекешов Нұрлыбек Хамелұлы және Толыбай Шакиров отты жылдардың естелігінен сыр шертіп, жастарға ұлағат болар жайттарды әңгімелеріне арқау етті. 

Шараға қатысқан оқырмандар ардагерлерге сұрақ қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кездесу барысында ардагерлер жастарды өз елінің патриоты болуға, саналы білім мен тәрбие алуға, ана тілімізді құрметтеуге, елімізді көркейтуге үлес қосуға шақырды.

Өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен каһарман жерлестерімізге алғыс айта отырып, кітапхана басшысы Сара Салахединқызы ұжым атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтарын тарту етті.

Н.Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз