Ауған әскерлерінің жәрдемақысы өсті

img 5399 Жаңалықтар

Биыл Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлеріне 150 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Сонымен қатар аталған азаматтарға берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің сомасында өсім бар, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

– Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлерге көрсетілетін

ай сайынғы төлем 15 мың теңгеден 35 мың теңгеге өсті. Біржолғы мейрамға берілетін көмек 100 мыңнан 150 мың теңгеге көтерілді, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Айта кеткен жөн, бұдан басқа мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен мүгедек адамдарды қолдау да мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Мұндай санаттағы азаматтар үшін 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі, қазан айында қосымша 25 875 теңге беріледі. Яғни, мүгедектігі бар ересектерге 75 875 теңгеден жылына екі рет  және балаларға 101 750 теңгеден жылына үш рет қолдау қаржысы төленеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет freepik.com

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз