Атыраулықтар Ауған соғысының құрбандарын еске алды

a6709d53 fc88 494b 9cb9 3b5defb9cd7f Жаңалықтар

   Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан демкоратиялық республикасынан шығарылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай жиылған жұрт, алдфмен, «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға, одан соң  интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.  Ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Одан соң Қазақстан Республикасының Гимнін бірлесе шырқап, бүгінгідей бейбіт өмірге шүкіршілік етті.

50ef4f05 e7b4 40e1 8943 8cfc3b40bcf2

  Мәңгілік алау мен Ауған соғысына қатысушыларға арналған обелискіге гүл шоқтарын қойған көпшілік Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған салтанатт шараға қатысты. Концерттік бағдарламаны тамашалады.

7eb6f2b0 abb1 485b 80b9 c8d46f848d21

 ­- Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы қаттаулы оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес, – деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бірқатар Ауған ардагерлерін мерекелік медаль мен грамоталармен марапаттады.

  Айдарбек АҚАРЫС,

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз