Атыраулық дзюдошылар Қырғызстаннан олжалы оралды

1a49fab7 62ad 464c 9a76 e707305bc226 Жаңалықтар

  Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде атыраулық спортшылар қатысты. 

Бұл турнирде ашылғанына екі жыл болған «Magauiya» спорт клубының сегіз спортшысы ел намысын қорғады. Бәсекеге толы жарыста Эрман Майлашев жаттықтыратын дзюдошылардың бесеуі олжалы оралды. Атап айтқанда, 42 келіде Салауат Марат I орын, 29 келіде Мейрамбек Бағытов, 26 келіде Хамза Мағауия II орын, 32 келіде Дінмұхамед Серікқали, 20 келіде Дамир Серік III орындарға қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетіп қайтты.

b9e6507e d2a0 4c42 80ba bd722647d8cf

            – Балалармен бірге екі әжесі де бірге барып қолдау көрсетті. Шәкірттерімнің ата-аналарына зор алғыс білдіремін. Алдағы уақытта тағы да жетістіктерімізбен қуантамыз деген ойдамын. Қолдау білдіріп жатқан облыс басшылығына да ерекше ризалығымызды білдіреміз, – деді Эрман Мағауияұлы.

b28990b6 7ba7 4308 9ea8 d2e87beb7acc 1

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сурет автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз