Атырауға сапары аясында Қырымбек Көшербаев ​ ​ репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті

575f06ca cb58 444b 9381 6409869cdabf Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Атырауға іс-сапары аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жобалық кеңсесінің қызметімен танысты​ – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы және осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері айтылды.

c6e40571 82db 4dcb b321 55cb0bcf5269
  • Тарихымыздағы ақтаңдақтар ақиқатын білуіміз керек. Репрессия құрбандарының қуғын-сүргінге ұшырау себебін қоғамға жеткізу қажет. Өйткені, алға қадам жасауымыз үшін өткен тарихымыздан сабақ алу маңызды.

Мемлекеттік комиссия саяси репрессия құрбандарын толық​ ақтап болғанға дейін, өз жұмысын жалғастырады. Болашақта Тарихи жады институты құрылады. Өңірлік комиссия мүшелерінен, тарихшылардан нәтижелі зерделеу жұмыстарын күтеміз – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.​

Еске сала кетелік, 26 өкілден құрылған өңірлік комиссияның құрамында 8 жұмысшы тобы бар. Олардың қатарында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғалымдары мен тарихшы мамандарынан бөлек, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері де бар.

3cbb1e9c 5caf 49fb bbe5 dbef4bc529a9

Арнайы топ жүргізген жұмыстар нәтижесінде​ мемлекеттік қудалау санаттары бойынша 3 мыңға жуық адамның істері мен фильтрациялық тексеру, трофейлік карточкалар зерттелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз