Атыраудағы мектеп ұлттық құндылықтарды насихаттап жүр

img 20240318 wa0020 Жаңалықтар

Ата-бабамыздан мұра боп, ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау – бүгінгінің парызы. Дәл сол парызды бүгінгі таңда №34 көп салалы мектеп-гимназиясының ұжымы, оқушылары насихаттап келеді.

– Білім ұясында ордасында әр жұма сайын ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «ұлттық код» шарасы өтеді. Бұл үрдіс оқу жылының басынан басталған. Атап айтсақ, ұлттық тағамдар, ұлттық ойын түрлері, қара жорға ұлттық биі, ұлттық әшекейлер мен ұлттық бұйым секілді дүниелер насихатталады. Нәтижесінде ұстаздар мен оқушылар көптеген ұлтымыздың көне дүниелерін жадыларында сақтап, күнделікті сабаққа да ұлттық киіммен жүруді де әдетке айналдырған, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмагүл Орынбасарқызы.

Мектепке келген ата-аналар да үнемі бұл ұлтжандыққа тәрбиелейтін, патриоттық шараға оң көзқарас білдіріп, мектеп ұжымына, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, тілегін білдіреді.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз