Атырауда  жаңа жылдық шыршаны безендіруге 19  миллион  теңге бөлінді

elka Жаңалықтар

Еліміздің мұнайлы астанасында Жаңа жыл мерекесіне орай жеті  шырша жағылады деп күтілуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, шыршалардың биіктігі – 18 метр. Жаңа шыршалар Атырау қаласының Нұрсая, Вокзал маңы С.Мұқашев алаңы, Балықшы шағын аудандары мен Атырау әуежайы, Исатай-Махамбет алаңы, Бейбарыс алаңы және М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры алдына орнатылады.

«Қаланы жаңа жылдық безендіруге NCOC, Казтрансойл, BI, АИС, АНПЗ, БАЗИС А мекемелері демеушілік көрсетуде. Ал, шыршаны безендіруге  қалалық бюджетен 19 миллион теңге қаражат бөлінді» дейді баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.

Атыраудың бас шыршасының  шамын жағу  апта соңына қарай жоспарланған.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз