Атырауда заңсыз балық сақтаған тұрғын ұсталды

56546 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер заңсыз балық сақтаған тұрғынды ұстады.

«16 тамыз күні сағат 10:00 шамасында Жылыой аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері Құлсары қаласы Нарынбай батыр көшесі тұсында күндік тудырған маркасы Уаз автокөлігін тоқтатуға бағыт алды. 1980 жылғы жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамай жүрісін жалғастырып мекен-жайына жол тартты. Оның мекен-жайын тексеру кезінде, 1401 кг қара балық анықталды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша Құлсары қаласының 43 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен тиісті әкімшілік хаттама жасақталып, ҚР ҚК 335 бабының 1-1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз