Атырауда темір жол мен автовокзал ғимараттары біріктіріледі

atyrau 1 540x360 1 Жаңалықтар

«Осылайша, Атырау қаласында темір жол вокзалын кеңейту жоспарланып отыр» ден хабарлайды Atr.kz

Мұндай шешім қабылдауға Атырауда жаңа бағыттарға жүретін жүрдек пойыздар санының артуы, сәйкесінше, жолаушылар санының күрт өсуі себеп болып отыр.

Сондықтан, нысанды автобекетпен біріктіру көзделуде.


«1972 жылы салынған ғимараттың сыйымдылығы 500 адамға есептелген. Бүгінде келушілердің саны 3000-ға артқан. Жол жүру бағыттары да көбейген. Мәселен, студенттер ағыла баратын Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау, Ақтөбе, тіпті, Құлсарыға қатынайтын вахталық режимдегі жұмысшылар да теміржол вокзалы арқылы жол жүреді. Осыған байланысты вокзалды кеңейту жоспарлануда» делінген Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

«Жоспар автобекетті Қазақстан темір жолы балансына қосып алғанан кейін ғана жүзеге асырылады. Қазір балансқа қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр» – дейді Қазақстан темір жолы Атырау магистральді желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің бастамасымен Қазақстан теміржолының қолдауымен «Атырау-Құрманғазы» бағытындағы жүрдек пойызы іске қосылады.

Автобекет вокзал аумағына қосылған жағдайда, облысаралық аялдаманы басқа жерге ауыстыру мәселесі қарастырылатын болады. Әзірге автобекетті Атырау қаласы маңындағы Аламан базарына көшіру ұсынылуда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз