Атырауда таңғажайып оқиға орын алды (+ВИДЕО)

5555555 Жаңалықтар

Кеше Атыраудағы орталық Иманғали мешіті жанындағы донер дүңгіршегі өртенген еді. Көп мүлік бүлінген. Бір ғажабы, өрттің арасынан қасиетті Құран  кітабы сол күйінде өртенбей табылып отыр, деп хабарлайдыatr.kz тілшісі Turantimes.kz –ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, тез тағам дайындайтын дүңгіршектің  өртенгені туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама кеше, 16 қаңтарда сағат 14:50–де түскен болатын. Өрт сөндіру бөлімшесі дереу оқиға орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.

 «Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, «тілсіз жау» салдарынан жалпы ауданы 32 шаршы метр болатын дүңгіршектің ішкі қаптамасы отқа оранған. Қызыл жалын сағат  15:11-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарланды ресми мәліметте.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз