Атырауда тағы да қамыс өртенді

whatsapp image 2021 09 09 at 19.20.28 Жаңалықтар

«Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи  резерватының аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды atr.kz

Атырау облысы ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, биылғы жылы 9 қыркүйекте, сағат 14:47 минут шамасында Каспий теңізінің жағалауында «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи  резерватының аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді.

Өрттің шарпуы оңтүстік-батысқа қарай Еркінқала ауылынан шамамен 20 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орын алған.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 1 бірлік техника мен 5 жеке құрам  және   «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватынан 35 қызметкер, 2 бірлік техника, 4 бірлік жүзу құралы, 4 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.  

Қамыстың жануы 16 сағат 30 минутта оқшауланып, 17:00 сағатта толықтай жойылды.

Өртенген аумақ 1 га құрап отыр.

Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи  резерватының қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз