Атырауда су сору жұмыстары жүргізілуде

bez imeni8888888 Жаңалықтар

Облыста ауа райының күрт нашарлап, көп мөлшерде жаңбырдың жаууына байланысты көшелер суға лық толды. Жергілікті атқарушы органға көмек ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары жиналған суды сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын күшейтті.

Департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, бүгін сағат 05:40-тан бастап Атырау қаласы «Сарқамыс» шағынауданы Т.Садықов көшесінің бойында 2772 текше метр су сорылды. Сағат 10:15-те «Жұлдыз – І» шағынауданындағы Мөде қаған көшесінен 2 текше метр су тасымалданды. Сондай-ақ сағат 12:10-нан бастап Томарлы ауылының Шалхаров көшесінде жұмыс қарқын алды. Сағат 13:55-тен бастап Сарықамыс-ІІ, №13 көшедегі тұрғын үйдің ауласына жиналған су шығарылса, сағат 14:55-тен бастап «Мирас» шағынауданы Астана көшесіндегі «Алаш» балабақшасының ауласы құрғатылды.

Айта кету керек, апаттық-құтқару жұмыстарына аталған департаменттің өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері және 2 бірлік техника мен 4 дана мотопомпа жұмылдырылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз