Атырауда шақалақты өз қолымен өлтірген сағыздық әйелдің соты басталды

1614922863 rebenok 5 Жаңалықтар

Қатыгездік оқиғаның басты кейіпкері Қызылқоға ауданы, Сағыз селосының тұрғыны.

Төрт баласы бар әйелдің бесінші перзентін қатыгездікпен өлтіру себебі жабық сот отырысында айтылады.

whatsapp image 2021 05 05 at 06.53.13 e1620186844866

Айыпталушы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны. Үйінің дәретханасында босанған келіншек нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған.

Сот процесі онлайн өтуде, ал айыпталушы ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Қылмыстық іс «Жаңа туған баланы анасының өлтiру» бабымен қаралып жатыр.

Төрт баласы бар келіншек күйеуімен бірге тұрады. Белгілі болғандай, айыпталушы бесінші баласына жүкті кезде дәрігерге қаралып, есепте тұрмаған.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз