Атырауда қатты дауылдан мектеп шатыры ұшып кетті… (+ВИДЕО)

1200px shandy dauyl Жаңалықтар
https://youtu.be/5BxlrY57gBg

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының әкімі Қанат Құлшаровтың айтуынша, төтенше оқиға сағат 17.30-да мұғалімдер мен оқушылар үйлеріне кеткен уақытта орын алған. Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

  • – Қазір біз оқиға орнында тұрмыз. Желдің екпіні мектеп шатырының тең жартысын қиратып, залал келтірді. Табиғаттың тосын құбылысынан орын алған оқыс оқиғаға орай аудан әкімдігіне акт дайындаймыз. Сондай-ақ, барлық ауыл тұрғындарына сақ болуды ескертеміз, – деді ауыл әкімі Қанат Құлшаров.

Соңғы рет мектепте күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді. Сол кезде «Бек және Ко» компаниясы шатырын толығымен өзгертті.
Айта кетейік, Сүйіндік ауылында таңертеңнен бері қатты жел тұрған, оның екпіні секундына 65 метрге жетті.

Ләззат Сәлімова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз