img 20190411 200305 166

Атырауда қанша адамға 42500 теңге төленді?

Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысында 50065 адамға 42500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәлім етуінше, 50 065 адамға 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік төлем тағайындалған.

«Бүгін, 13 сәуірдегі мәліметке сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін 42 500 теңге төлемді 33 323 адам алды. Сондай-ақ, 8 914 мекеменің 12 782 еңбеккерінен өтініш түсті. Бүгінге дейін 2650 мекемедегі 8672 адамға 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемі төленді», – дейді ол.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған