Атырауда қала көшелерінен 1800 текше метр су шығарылды

332098358 518789710374724 7509914793877758214 n Жаңалықтар

Өңірде еріген қар суын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ол үшін «Арнаулыавтобаза» мекемесі тарапынан 23 вакуум көлігі жұмылдырылып, 1 800 текше метр су шығарылды. Сонымен қатар, жеке вакуум көліктері де атсалысуда.

Өз кезегінде «Арнаулыавтобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтілеуов қазіргі таңда техникалардың барлығы қала аумағында еріген қар суын тазалау үшін жұмылдырылғанын айтып, бұл жұмыстар екі ауысыммен түнгі уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

Қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілеріне және 109 орталығына жиналған суды тазалау жөнінде өтініштер түсуде. Осы орайда, айта кетеріміз, орталық көшелерден бөлек негізгі жұмыстар су басу қауіптілігі жоғары жеке тұрғын үйлердің аулаларына баса назар аударылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз