АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 70 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

minzdrav nazval regiony kazaxstana s vysokim riskom zarazheniya covid 19 Жаңалықтар

559 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 11 науқастан қауіпті індет анықталған.

Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 1 тұрғынында Covid-19 расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 37 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 90 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 678 адам үй жағдайында, 135 модульді ауруханада, 128 – екінші облыстық ауруханада, 52 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 142 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 102 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз