Атырауда металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

a87a4e492db0f57e641ce4c92da553a4 resize w 742 h 365 Жаңалықтар

Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

21 сәуір күні Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978, 1984, 1988 жылғы күдіктілерді анықтап, ұстады.

Алматы, NEGE. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз