Атырауда «Күміс волонтерлікті дамыту» жобасы қорытындыланды

54a1628b 3cf2 4e59 959f 7d639014139f Жаңалықтар

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығының тапсырысымен жүзеге асып жатқан «Атырау облысы бойынша күміс волонтерлікті дамыту» жобасының қорытынды іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға Атырау қаласы және 7 аудан бойынша 50 жастан асқан, 50-ге жуық волонтер қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – аға буын өкілдері арасында бастамашыл топтар құрып, өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысу, қайырымдылық, экологиялық шараларды ұйымдастыру, егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуі арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату. Сонымен қатар, зейнетке шыққан аға буын өкілдерінің өзін-өзі дамытуына және белсенді өмір сүруіне де ықпал ету, салауатты өмір салты үшін қолайлы жағдай жасау.

72aee25d a006 4120 abee 4c716a695f78

– Біз аға буындардың арасынан волонтерлерді көптеп көргіміз келеді. Еріктілердің жас шектеуі жоқ. Жоба аяқталғанмен, еріктілер байланыстарын үзбейді, егде жасқа келіп те жаңа достар табуды біз дәлелдедік. Біздің жобамызда бір ерекше жағдай болды. Ол ерлі-зайыпты волонтерлер. Бұл көп кездесе бермейтін дүние. Аға-апамыз ұрпақтарына керемет үлгі көрсетуде,- деді Азаматтық орталық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жанат Досқалиева.

a0544a65 7420 4114 b264 25d71c38137c 1

Салтанатты шараның алғашқы бөлігінде бизнес-тренер Арман Акбердиев күміс волонтерлерге «Волонтердің көшбасшылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Кейін облыс бойынша белсенділік танытқан 20 волонтер Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығы КММ-нің «Алғыс хатымен» және сыйлығымен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз