Атырауда дәстүрлі садақ атудан Батыс аймақтық турнирі өтті 

img 3442 Жаңалықтар

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне және Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық турнирге  Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан 70-ке жуық садақшы қатысты деп, хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Іріктеуден өткен 32 садақшы екінші кезеңнің нәтижесімен екі лигаға бөлінді.

Жоғары лига мен қосымша лига садақшылары өзара бақ сынасып, әр лига бойынша мықтыларды анықтады.

img 3443

Нәтижесінде қосымша лигада жеңімпаздар анықталды. 

Жүлделі 1-орын атыраулық Әдемі Еркінғалиға, 

2-орын құлсарылық Эдгар Джамековке, 

3-орын Құлсары қаласының садақшысы Серікболсын Шабаевқа берілді. 

Ал жоғары лига бойынша

img 3444

1-орынға қызылқоғалық  Бауыржан Ақтай, 

2-орынға атыраулық Шарифолла Сайфуллин,

3-орынға Атырау қаласының садақшысы Марат Бексұлтан лайық деп танылды. 

Айта кетейік, дәстүрді дәріптейтін іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы өкілдігі ұйытқы болып, «Бату хан» садақ ату федерациясы мен облыстық таеквондо федерациясы және «Ембімұнайгаз» компаниясы мен «Бал қымыз», «Қорған» мекемелері қолдау білдірген.

Дәстүрлі садақ ату турнирі енді балалар, жастар және жасөспірімдер арасында жалғасын табады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз