Атырауда бір күнде 100-ден аса автобус жүргізушісі жол ережесін бұзған

d1ae5429e4bf4cbc Жаңалықтар

1-3 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында 1 күн ішінде автобус жүргізушілеріне қатысты 93 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

– жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу-4;

– тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау-3;

– мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару-17;

– рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпеген-2;

– көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану-12;

-Белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету-13;

– маневр жасау қағидаларын бұзу-7;

– Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқару–3;

– Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу-2.

Сонымен қатар, арнайы автотұрақта 1 автобус қойылды, техникалық талаптарға сәйкес келмеуі бойынша 1 қоғамдық көліктің мемлекеттік белгілері түсірілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз