Атырауда 100 аула абаттандырылады

o kapremonte mnogoetazhek 870x400 1 Жаңалықтар

Өңірде 100 ауланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың ұсыныстарына сәйкес жасақталған жоба 2022 жылы басталған болатын.

Жасақталған жоба ішінде тұрғын үйлер аулаларының автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, кеңейту, автотұрақтар орнын салу, әсемдік қоршаулар мен түнгі жарық шамдарын орнату, балалар ойын алаңдары, спорттық-жаттығу алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату, көшеттер отырғызу, қоқыс алаңшалары мен қоқыс жәшіктерін орнату және т.б. жұмыстар қарастырылған.

Аулаларды абаттандыру жұмыстарын қадағалаған қала әкімі Мейірім Қалауи «Алмагүл» және «Вокзал маңы» ықшам аудандарына барды. Жұмыс барысын бақылаған қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне әлеуметтік маңызды нысандардың сапалы салынып, уақытылы тапсырылуы қатаң қадағалауда болатынын айтты.

Бұдан бөлек, әкім Тайманов 58 мекен жайында жөндеу жүріп жатырған тұрғын үй қасбетінің құрылысына барып, мердігерлермен кездесті. Аталған аумақ тұрғындары 10 жылдан бері үй қасбетін жөндеу мәселесін көтеріп келе жатырғанын айтқан қала әкімі қала аумағында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, 100 ауламен қатар биыл қосымша 150 ауланы абаттандыру үшін жоспар жасақталуда. Сонымен қатар, қала шетіндегі ауылдық елдімекендерде 12 және жеке тұрғын үй секторларында 18 жаңа спорттық ойын алаңдары салынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз