Атырау журналистикасының ардагері – 75 жаста

whatsapp image 2021 11 03 at 12.17.19 1 Жаңалықтар

Ғасырдан астам тарихы бар облыстық «Прикаспийская коммуна» газеті редакциясында бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметін абыроймен атқарған Виктор Шигаевтың алатын орны ерекше. Ал, жақында ол асқаралы 75 жасқа шықты.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасөз клубында өткен осынау шара барысында серіктестіктің Бас директоры Ысқақ Егембердиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейгерге облыс әкімінің Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыстады.

whatsapp image 2021 11 03 at 12.17.20 2

Шынында, қараша айын «коммунарлықтардың» айы десе де болады. Өйткені, дәл осы айда Любовь Монастырская, Вера Кабельская, Виктор Сутягин, Регина Валишева, марқұм Раиса Алагозова өмірге келген. Бұл туралы газеттің бұрынғы бас редакторы, Атырау қаласының Құрметті азаматы Любовь Монастырская жеріне жеткізе әңгімеледі. Әсіресе, ол Виктор Михайловичпен үзеңгілес еңбек еткен, зор жауапкершілікпен газет шығарған кездерін сағынышпен еске алды.

whatsapp image 2021 11 03 at 12.17.21

– «Әрбір жолы болғыш азаматтың артында арқасүйер жан жары – әйелі тұрады» демекші, бүгінгідей сәтте біз Виктор Михайловичтің өмірлік серігі бола білген марқұм Вера Павловнаны еске алмай отыра алмаймыз. Біз осынау абзал жанның өзідайындаған тіл үйірер бәлішінен талай дәм татқанбыз. Өмір – қатал, басқа не дейміз? Қазір осы төрде екеуіңіз де жарқырап отырсаңыз, Виктор Михайлович, қандай жарасымды болатын еді! – деген «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаеваның тілегіне оның орынбасары Қайрат Сатаев, әріптес інісі Қаршыға Көшековтер де қосылды.

whatsapp image 2021 11 03 at 12.17.20

Шара соңына қарай сөз алған Виктор Шигаев өзіне ақжарма тілектерін жолдаған барша «ақпараттық» әріптестеріне ыстық ықыласын жеткізді.

– Мен үлкен әсерде отырмын. Редакцияда өткен өмірім әр сәтіне дейін есімде. Мұнда өздеріңдей көркем мінезді адамдар қоян-қолтық байланыста еңбек етті. Бұл кездер ешқашан ұмытылмайды. Сол үшін де мен ерекше қуаныштымын, – деді.    

 

Лиза СЕЙТІМОВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз