Атырау үздік дене шынықтыру пәні мұғалімін анықтады

img20210401121500 scaled Жаңалықтар

Атырауда жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі –  2021» облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 


Байқауға Атырау қаласы, Исатай, Құрманғазы, Махамбет, Индер, Макат, Қызылқоға аудандарынан 7 дене тәрбиесі пәні мұғалімі қатысты. Олар 5 кезең бойынша  бақ сынады. Қатысушылар сайыс кезінде  баскетбол, волейбол, футбол, гимнастика (акробатикалық жаттығулар) техникасын ауызша түсіндіру арқылы практикалық дағдыларын көрсете білді.  


Осылайша, байқау қорытындысымен жүлделі І орынға  Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Дәурен Дүйсенғалиев лайық деп танылды. Ал 2-ші орын Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Лена Байгуршимоваға,  3-ші орын Махамбет ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Жәнібек Қапуановқа бұйырды.

Бұдан бөлек, бірқатар мұғалім «Шығармашыл мұғалім», «Дене шынықтырудың заманауи сабағы»,«Қашықтықтан оқытуға арналған үздік сабақ жоспары», «Өз ісінің шебері» номинацияларымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарына Атырау облыстық білім басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының медальдарымен және  дипломдары табыс етілді.
Айта кетейік,  байқаудың жеңімпазы Дәурен Дүйсенғалиев Көкшетау қаласында өтетін республикалық «Үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі -2021» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

img20210402162723
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз