Атырау қаласында үй өртенді

whatsapp image 2021 05 01 at 10.06.59 2 Жаңалықтар

Атырау қаласының Самал ықшам ауданында орналасқан жеке үй өртенді. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД-нің қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

2021 жылдың 30 сәуір күні 12 сағат 57 минутта «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына Атырау қаласы, Самал ықшам ауданы, №7 көше, №1 «Б» мекен-жайында үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.
Департаменттің күш құралдары оқиға орнына барған кезде Атырау қаласы, Самал ықшам ауданы, №7 көше, №1 «Б» мекенжайында тұрғын үйге жалғанып салынған ауданы 180м2 (6х30) болатын екі гараждың және уақытша тұрғын үй толықтай өртенген.

Өртті сөндіру барысында аталған мекен-жайда ауданы 288 шаршы метр (12х12) болатын екі қатарлы тұрғын үйге және көршілес салынған Самал ықшам ауданы, №7 көше, №1 «В» коттеджге және №6 көше, №2 «Б» мекен жайындағы уақытша тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер мен 7 бірлік техника, «Атырау Жарық» АҚ-нан 2 қызметкер, 1 бірлік техника, «104» қызметінен 2 қызметкер, 1 бірлік техника, Жедел жәрдем қызметінен 2 қызметкер, 1 бірлік техника, Полиция Департаментінен 6 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз