Атырау облысында қызылша ауруының 1693 жағдайы тіркелді

63 Жаңалықтар

Атырау облысында биылғы 2 наурыз бен 25 желтоқсан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 5962  жағдай тіркелді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, алты мыңға жуық қызылшаға күдіктінің ішінде 1693 жағдайы зертханалық жолмен дәлелденген. Оның ішінде 1685 науқас жергілікті жерден тіркелсе, 8 қызылша ауруымен науқастанған адам Түркия, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірлігінен және еліміздің Алматы, Астана қалаларынан тіркелген .

Айта кетейік, Атырау облысында қызылша ауруы соңғы рет 2019 жылы 774 жағдай болып тіркелген.  Одан кейінгі екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша ауруы тіркелген жоқ.

Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр.

«Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі», деп жазылған департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз