Атырау облысында екі пилоттық аудан әкімінің сайлауы өтіп жатыр

1665465634 news b Жаңалықтар

Бүгін, 2023 жылдың 5 қарашасы, еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы бастау алды. 

Ал, Атырау облысы бойынша пилоттық негізде Исатай мен Қызылқоға аудандары бекітілген еді, деп хабарлайды atr.kz

Исатайда 15 982 сайлаушыға арналған 15 сайлау учаскесі дайындалған. Қызылқоғада 19 сайлау учаскесі 18 884 сайлаушыға дайын тұр.

Исатай ауданының әкімі болуға үміткерлер:

Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы, 1977 жылы туған, Исатай ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ.  

Мұқанов Рашид Тасанұлы, 1986 жылы туған, Исатай ауданы әкімінің орынбасары. «Қазақстан Халық партиясынан» үміткер.

Мусин Нұрым Бекежанұлы, 1980 жылы туған, Исатай аудандық мәслихат төрағасы. «AMANAT» партиясынан үміткер.

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданының әкімі болуға үміткерлер:

Жексенов Мағжан Абызұлы, 1972 жылы туған, Ойыл ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ. 

Азмұханов Қанат Қадыржанұлы, 1981 жылы туған, Қызылқоға ауданының әкімі. «AMANAT» партиясынан үміткер.

Салықов Сәндібек Аманбайұлы, 1982 жылы туған, Миялы ауылдық округінің әкімі. Сайлауға өзін өзі ұсынушы ретінде қатыспақ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз