Атырау облысында биыл 9 медициналық нысан салынбақ

photo 2023 02 24 16 40 19 1 Жаңалықтар

Осы жылы денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда, оның ішінде үшеуі демеуші мекемелердің қаражаты, алтауы жергілікті бюджет есебінен болмақ. Аталған нысандар биылдан бастап пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған 9 нысанның ішінде Құлсары қаласынан 75 орындық орталық аурухана, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданынан 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Атырау қаласынан балаларға арналған оңтайландыру орталығына 80 орындық жапсаржай құрылыс бар. Сонымен қатар Қызылқоға ауданы Айдын елді мекенінен, Жылыой ауданы Қарағай ауылынан, Махамбет ауданы Аққайын, Еңбекшіл, Көздіқара елді мекендерінен медициналық пункт, Исатай ауданы Аққыстау селосынан фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр.

– Осы жылы облыс халқына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында НКОК компаниясы қаражаты есебінен жоғары технологиялы медициналық техникамен жарақтандырылған Атырау қаласынан онкологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус және онкологиялық диспансер құрылысын салу жоспарымызда бар. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №962 қаулысымен бекітілген «Ауылда деңсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде облысымызда 2023-2025 жылдар аралығында бірқатар нысандар салынбақ. Оның ішінде Құрманғазы, Махамбет, Индер, Қызылқоға аудандарында 18 медициналық пункт және фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу жоспарлануда,– деді Н.Құсайынов.

Сондай-ақ оның айтуынша, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2023-2024 жылдары Атырау қаласындағы Нұрсая және Өркен ықшам аудандарында 250 келушіге арналған екі емхананы және Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығын салу жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз