Атырау облысында «ASHYQ» қосымшасын ​ 8735 нысан пайдалануда

bf020d24 a922 4863 a1a0 910e276cda59 Жаңалықтар

«Коронавирус пандемиясының таралуының алдын алуда ​ «ASHYQ» қосымшасы маңызды роль атқаруда» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«ASHYQ» қосымшасы нәтижесінде 253 адам қызыл мәртебесімен анықталды, 1378 адам сары мәртебесімен анықталып, оқшауланды. COVID-19 инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша, ​ Атырау облысы «жасыл» аймақта» деп атап өтті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы​ ​ ​ Айсұлу Досқалиева онлайн брифингте.

Еске сала кетелік, соңғы тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді. 6 адам инфекциядан жазылып шықты, бір адам коронавирустан көз жұмды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз