Атырау облысында аэрациялық жұмыстар жүргізілуде

zhajyq Жаңалықтар

Жайық өзені мен өңірдегі 12 су қойманы мекен ететін балықтарға мұзды ою арқылы ауа жіберу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл өзенде қатқан мұздың қалыңдығы жылдағы мөлшерден артық. Сол себепті суасты тіршілік иелерінің тұншығып қалу қаупі бар. Әсіресе, өзеннен тарайтын тоғандарда мұздың қалыңдығы кейбір жерлерде 30-35 см-ге жетті. Мұны балықтар үшін қауіпті деп тапқан мамандар өзеннің әр жерінен үкі ойып, оларды қоршау жұмыстарына кіріскен. Айталық бір ғана Индер ауданының аумағында осындай 18 жабық тоған бар. Осыған орай аудандық балық қорғау инспекциясының ұйымдастыруымен табиғат пайдаланушылар мен еріктілерден құралған топ қалың мұзды ойып оттегі жіберуге кірісті.

majn

Индер балық қорғау инспекциясының бас маманы Азамат Әбіғалиевтің айтуынша, мамандар өзендегі оттегінің деңгейін әр 10 күн сайын бақылап отырады және ол судан сынама алып, зертханаға жібереді.

  • Атап айтсақ қазіргі уақытта мұзы қалыңдығына қарай «Үлкен Елтай», «Кіші Елтай», «Циркова», «Қарағаш», «Полымбет» су тоғандарына балықтардың қырылуының алдын алу мақсатында аэрациялық жұмыстар атқарылуда. Аэрациялық жұмыстардың негізгі мақсаты – балықтарды оттегімен қамту. Көлемі 3х3 метр қылып үлкен майналар ойып жатырмыз. Әрине, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жұмыстар жүргізіліп жатыр,- деді А.Әбіғалиев.

Айта кетейік, аталған жұмыстар мұз ерігенге дейін жүргізіледі дейді мамандар. Қазіргі уақытта аталған жұмыстарға 40-қа жуық қызметкер жұмылдырылған. Мұндай аэрациялық жұмыстар Атырау қаласы Бесікті елді мекені маңындағы Безымянный, Құрманғазы ауданының Қиғаш, Шарон өзені мен Махамбет ауданында Жайық өзені бойында жасалып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз