Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды

screenshot 6 2 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының лауазымына Айдулат Жанатұлы Кенжебеков тағайындалды.

Айдулат Кенжебеков Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

11.2008 – 12.2008 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы;

12.2008 – 10.2010 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы;

10.2010 – 03.2011 жылдар аралығында облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы жоспарлау-шарт бөлімінің бастығы;

03.2011 – 12.2011 жылы облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;

12.2011 – 05.2013 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;

05.2013 – 04.2019 жылдар аралығында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;

04.2019 жылдан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз