Атырау облыстық ауруханасы жаңа медициналық құрылғымен толықты

65458da0 14c6 4dd4 9b61 3f2917f75ef7 Жаңалықтар

«Каспий құбыр консорциумы – К» АҚ қайырымдылық қызметі аясында сапалы медициналық емдеуді қамтамасыз ету мақсатында AXEON эндоскопиялық бейне-ақпараттық жүйесін сыйға тартты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Каспий құбыр консорциумы – К» АҚ Бас атқарушы директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин Атырау облыстық ауруханасына Аxion/GIF-LV1 / гастроскоптық бейне, Axion / CF-LVL1/ колоноскоптық бейне, CH 170 L /тоқ ішектің видеоскопымен, бронховидеоскоппен / MAF-TM2 / және қызару / OER-Colonoscope апаратын табыстады. Бұл құрылғы санитарлық авиацияны шұғыл шақырғанда тасымалдауға көмегі зор.

– Атырау облыстық аурухананың базасы жаңа құрылғымен толықты. Бұл эндоскопиялық-диагностикалық апараттың атқаратын қызметі мен жүйесі өте жоғары. Демеушілік көрсеткен «Каспий құбыр консорциумы – К» АҚ компаниясына алғысымыз шексіз, деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз