Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

rtrtrrt Жаңалықтар

Бекітілген мерзімге сәйкес каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілді. Технологиялық жабдықтар қалыпты режимде жұмыс істеп, мұнай өнімдерінің жоспарлы көлемін өндіруде.

1 ақпан күні регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы апатты түрде  тоқтатылған болатын.

Орын алған факті бойынша  «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰК Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жедел штаб құру жөнінде тапсырма берді.  Штабты ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов басқарды.

​Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысының отандық жанар-жағармай нарығындағы жағдайға тікелей әсерін ескере отырып, ҚМГ Басқарма төрағасы апат салдарын жоюды және қысқа мерзім ішінде қондырғының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.

​Жедел штаб каталитикалық крекинг процесінің лицензиары – француздық Axens компаниясының өкілдерін, сондай-ақ  Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының мамандарын тарта отырып, зауыт және мердігер мекеме мамандарының тәулік бойы жұмысын ұйымдастырды. Бұл ретте, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде жедел штаб ҚМГ-ның тағы екі мұнай өңдеу зауытының оңтайлы жүктелуі мен тұрақты жұмыс істеуін ерекше бақылауға алды.

​Қазіргі кезде зауытта орын алған оқиғаның шұғыл және жүйелі себептеріне нақты талдау жүргізілуде. Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауытының жұмысындағы тәуекелдерді барынша азайтып, тұрақты технологиялық процесті қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені әзірленуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз