“Атырау” газетінің ұтыс ойыны басталды

img 4308 Жаңалықтар

Бүгін  “Атырау-Ақпарат” медиахолдингінің қолдауымен облыстық қоғамдық-саяси “Атырау” газеті редакциясы газетке жазылғандардың арасында ұтыс ойынын бастады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Ұтыс ойынының мақсаты – газеттің тұрақты оқырмандарын ынталандыру, басылымның таралымын арттыру, жаңа жылдық көңіл күй сыйлау. 

Ұтыс ойынына қатысудың бір ғана шарты болды – ол “Атырау” газетіне 12 айға жазылу. Газетке жазылғандар автоматты түрде ойын қатысушысы атанды. Ұтыс иелері барабанға салынған түбіртек нөмірін кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Бос тұрған барабанға 1324 жазылушының түбіртегі салынды.

img 4310

Лотереяның әділ өтуін бейтарап қонақтар бақылайды. Олардың арасында ұтыс ойынына қосымша сыйлық дайындаған демеушілермен қоса сарапшылар қатысып отыр.

Сарапшылардың қатарында облыстық «Атырау» газетінің тұрақты оқырманы Боранбай Қамиев, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, айтыскер ақын, «Асыл домбыраның» иегері,  «Айтыс» қоғамдық қорының төрағасы Шынарбек Кабиев бар.

Айта кетейік, ұтыстың басты жүлдесі – IPHONE 15. Сондай-ақ, стильді шаш үлгілеріне арналған сертификаттар, «АТЫРАУ» шипажайына 2 жолдама және басқа да тұрмыстық техникалар  бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз