Атыраулық үш ұстаз «үздік педагог» атанды (ФОТО)

217 Білім

Атыраулық үш ұстаз «Үздік педагог-2017» республикалық байқауынан олжалы оралды. Оларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдап, құрмет көрсетті.

ЕАС 217

«Бұл жетістік – бүкіл облыс мұғалімдерінің жеңісі. Ылғи сынды айта бергеннен гөрі, осындай жетістіктерімізге де тоқталып тұрғанның артығы жоқ. Соңғы жылдары білім саласына барлық мүмкіндік жасалуда, құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған, инклюзивті білім беру, тәрбие мәселесі өңірде жоғары деңгейде жүзеге асып келеді. Атыраулық ұстаздардың еңбегі еленіп, жетістіктері көбейе берсін»,-деді қабылдауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

ЕАС 193

Жекелей тоқталсақ, облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Қуандықова, Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Ақманар Жиенқұлова мен Атырау политехникалық  колледжінің оқытушысы Саяхат Бекмұрзиева «Үздік педагог» төсбелгісіне ие болды.

ЕАС 205

Айта кетейік, республика бойынша ұйымдастырылған байқауға 600-ге тарта мұғалім қатысып, соның 48-і жүлдегер атанған. Бұл ретте олардың соңғы бес жылдағы білім берудегі барлық жетістіктері ескерілген.

ЕАС 211

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз