Атырауда Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабағы өтуде

15339953bda24ff9ae4422f1cfe6aadb Жаңалықтар

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сабағы өтті.

15339953bda24ff9ae4422f1cfe6aadb

Анасы Тұрсынзада Жұмағұлқызы да – кимешегіне зермен кесте тігетін, бармағынан бал тамған шебер еді.

21551694_651905678530451_69216549041271869_o

Кейіпкеріміз қызмет бабымен Мәскеуде, Еуропа елдерінде болған кездерінде көптеген көрмелерге қатысты. Ол қазақтың қолөнерінің ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан киелі өнер екеніне әлем жұртшылығының көзін жеткізгісі келді. Әлбетте, барлық биікке тек еңбек қана жеткізері хақ. Ырза Тұрсынзада «Құрмет белгісі»орденінің, «Алтын сапа» белгісінің иегері, «Ең үздік өнім» конкурсының бес дүркін иегері.

21551901_651906115197074_7473116702859571551_o

ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арнап жасаған киіз үй шаңырағы этноауылдағы ең үздік қолөнер бұйымы ретінде бағаланған. Ырза Тұрсынбайқызы екі күн бойы шеберлік сыныбын өткізбек. Ал, 13 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында көрмесі ашылмақ.

21544196_651905671863785_2869798826253742332_o

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз