Атырауда КамАЗ жүк көлігі өртенді

1 3 Жаңалықтар

Атырауда КамАЗ жүк көлігі өртенді. Оқыс оқиға 2 желтоқсан күні, сағат 06:40-та болған.

1

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, Атырау қаласы, Химпоселок ауылы, Абылайхан көшесінде КамАЗ автокөлігінің кабинасы өртенген. Оның ішінен 1 дана 20л. газ баллоны шығарылыпты.

Өрт сағат 07:11-де толық жойылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілердің жеке құрамдағы 6 адамы және 1 арнаулы техникасы жұмылдырылған.

Айдос Қарабала

Фото sarnovosti.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз