Аттестация біліктілікті арттырады

25cca8f740df428d5cd3ad137acfe4f7 Жаңалықтар

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттаудың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

25cca8f740df428d5cd3ad137acfe4f7

Департаменттің аттестаттау комиссиясы сәуірде құрылды. Әңгімелесу процесінің шынайлылығын қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау комиссиясының құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері енгізілді.

Аттестаттаудан штат кестесіне сәйкес 107 қызметкердің 60-ы өтті. Әңгімелесу өткізуге дайындық жұмыстары қажетті деңгейде ұйымдастырылып, комиссия мүшелерінің жұмысына да, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге де барлық жағдай жасалды. Комиссия мүшелері қажетті материалдармен қамтамасыз етіліп, аттестацияға қатысушыларға ашық және еркін жауап беруге мүмкіндік берілді.

Әңгімелесу барысында департамент қызметкерлерінің жалпы кәсіби біліктілігі қажетті деңгейде екендігі және өздерінің тікелей функционалдық міндеттерін меңгергендігі анықталды. Алайда, кейбір қызметкерлерге өз қызметінде жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындаумен шектеліп қалмай, қабылданған  стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу деңгейлерін көтеру, атқарып отырған жұмыстары мен мемлекеттің жалпыстратегиялық мақсатының өзара байланысын түсіну қажеттігі ескертілді. Мәселен, комиссия шешімімен әңгімелесуден өткен 52 (91,2%) қызметкердің атқаратын лауазымына сай келетіні жөнінде шешім алынды. Сонымен қатар, бір қызметкердің мемлекеттік лауазымын жоғарылату ұсынылса, төрт қызметкердің  лауазымына сай еместігі, олардың мемлекеттік лауазымын төмендету мәселесі қаралды.

Алдағы уақытта департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қабілеттері мен құзыреттерін арттыру, кемшіліктерін түзетіп, кәсіби біліктілігін  ұштауға ынталандыру мәселесі қаралатын болады.

 Галя МҰХАНҒАЛИЕВА,

облыстық статистика департаментінің басшысы.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз