Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады

0d801e15 4862 4549 b027 d621e9763ec7 Жаңалықтар

Астанада наразылыққа шыққан «БерАли» компаниясының жұмысшылары Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымов видеоүндеу түсіріп, бүгін санкцияланбаған митинг үшін ұсталған мұнайшылар Маңғыстауға қайтарылатынын жеткізді.

Сондай-ақ олар бұл мәселені Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдерімен бірге комиссия құрып, шешетінін айтты.

«Қазір полиция бөлімінде жүрміз. Мұнайшылардың бір бөлігін пойызбен, бір бөлігін ұшақпен елге қайтарамыз», – дейді видеода Жолмұрат Ұлықпанов.

Мұнайшылардың көшбасшылары Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз