Апатты үйлерден арылу – басты міндет

img 1767 870x400 1 Жаңалықтар

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов Индербор кенті З.Қабдешов көшесіндегі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Ол тұрғындарға құжаттамалар мен конкурс талаптары бойынша түсіндіріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Конкурс аяқталып, құжаттар рәсімделгеннен кейін З.Қабдешов көшесіндегі №13, 15 үйлер сүріліп, жер мемлекет мұқтаждығына алынатын болады.

Жалпы, Индер ауданындағы апатты тұрғын үйлер – ең өзекті мәселелердің бірі. Облыс әкімінің қолдауымен соңғы 3 жылда аталған проблемалар жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Мәселен, 2022 жылы 16 пәтер көшірілсе, 2023 жылы 24 пәтердің тұрғындары жаңа баспаналы болған. Ал биыл тағы да 70 пәтерді басқа жерге көшіру жоспарға еніп отыр. Қаржы-қаражаты бөлініп қойды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз