Әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

aleumet scaled Жаңалықтар

Атырау қалалық жұмыспен қ а м т у , ә л е у м е т т і к б а ғ д а р л а м а л а р ж ә н е азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Анар Жеңісованың айтуынша, 2020 жылы 3 309 отбасына – 186 467,4 мың теңге, 2021 жылдың 4 айында 1 057 отбасына 67 700,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. «Мұндай қолдау шаралары алдағы уақытта да жүзеге асады» деді бөлім басшысының орынбасары Атырау қалалық мәслихатының VIII сессиясында.

Тəжік–ауған учаскесінде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлетке т а р а л ы қ ш а р т т а р м е н келісімдерге сəйкес Қазақстанның 170 əскери қызметшісі əскери міндеттерін о р ы н д а ғ а н б ол ат ы н .

 И р а кт а ғ ы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде 4 адам, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге 51 əскери қызметші қатысты. Сондай-ақ ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар мен оның отбасылары, ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін ордендерімен жəне медаль[1]дарымен марапатталғандар, Чернобыль АЭС-дағы апаттың, авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандардың, барлығы да əлеуметтік көмекті өсіңкі мөлшерде алатын болады.

5 жылда 7 млн. көшет

 Облыста ауа райын тұрақты бақылайтын 45 станса бар. Оның 17-сі аудандарда орналасқан. Ауа райының мəліметтері серверге кеш түсетіндіктен, өзінің өзектілігін жоғалтады. Құзыретті 3 мекеме кесте бойынша қала аумағындағы атмосфералық ауаны зерттеп, мониторинг жүргізеді. Сонымен бірге, Атырау қаласының сол жақ бөлігінде салынып жатқан кəріздік-тазарту ғимараты құрылысын осы жылдың алғашқы жартыжылдығында бітіру жоспарланып отыр. Қаланың оң жақ бөлігінде орналасқан кəріздік-тазарту ғимаратын жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттары сараптамаға жолданды. Осылай деген Атырау облысы Табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын[1]басары Төлеп Орынбасаров Жайық өзенінің қазіргі жағдайы мен оны тиімді пайдалану, Каспий теңізінің су жайылу аймағында жəне жағалау маңында орналасқан апаттық мұнай ұңғымаларын жою, жер қойнауын пайдалану, экологияға қатысты басқа да өзекті мəселелерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар, «Атырау облысы бойынша орман[1]дарды өсіру мен молайтудың 2021-2025 жылдарға арналған кешендік жоспарына» сəйкес, мемлекеттік орман қоры жеріне (2 803 га) бес жылда 7 миллион дана ағаш көшетін отырғызу көзделіп отырғанын айтты.

Атырау қаласының Құрметті азаматы

Атырау қаласы мəслихатының кезекті VIII сессиясының жұмысын Атырау қаласының əкімі Қайрат Оразбаев қорытындылады. Қалада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен бірге шешімін күткен мəселелер де бар. Осы туралы баяндаған Қайрат Құлымұлы жалпы құны 21,4 млрд. теңгені құрайтын қаланың оң жақ бөлігіндегі кəріздік[1]тазарту ғимаратын жаңғырту жобасы, қалдықтарды басқару, басқа да маңызы зор мəселелерге тоқталды.

Сессия соңында шаһар басшысы қоғам тыныштығын сақтауға, қылмыспен күреске, құқық тəртібін нығайтуға, мемлекет мүддесі мен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, полиция генерал-майоры Қайырғали Мырзабаевқа «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағын салтанатты жағдайда табыстады.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз