Суға батып бара жатқан әйелдің оқиғасын Әди мен Зиба айтып берді

a1ca7ef7 0168 4bf2 a6e3 f831d83e05bf Жаңалықтар

Соңғы бірер күнде әлеуметтік желілерде Құрманғазы ауданындағы Шарон өзеніне батып бара жатқан әйел адамды құтқарып қалған полицейлердің ерлігі туралы айтылып жатыр. Ал, кейін белгілі болғандай, әйел адамды алғаш болып құтқаруға ұмтылған Құрманғазы ауылының тұрғыны Әди Бектеміров екен. Жағдайды толығырақ білу үшін Әдидің өзімен тілдесіп, оқиғаның қалай өрбігенін баяндап беруін өтінген едік.

b97ef6cf fc4d 4761 8653 a362c837127c

Оның айтуынша, сол күні кеште қаннан қаперсіз үйінде отырған оған дүкеннен келген апасы Зиба өзен жақтан «құтқарыңдар» деген әйел адамның дауысын естігенін айтып, үйден жүгіре шығып кетеді. Балконға шыққан Әди де әлгі дауысты естиді. Жағада шарасыз тұрған апасын көрген ол суға батып бара жатқан әйелді құтқаруға асығыпты. Оны құтқарамын дегенде аяғы тайып, өзі суға түсіп кетеді. Жағада тұрған апасы сол бойда аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып үлгереді. Әди де әйелмен бірге 10-15 минут аралығында төрт-бес рет суға батып шыққан.

c95beea1 b806 4f9d 9da6 e6de131429fd

– Үстімізде қалың киім болған соң, оның үстіне әйел адамның денесі ауыр болғандықтан ба, мұздың үстінде ұстап тұру қиын болды. Өйткені, жаны қысылған әйел мені өзімен бірге тартып бара жатты. Абырой болғанда дереу жеткен полиция қызметкерлері арқанмен бізді шығарып алды. Олар болмаса жалғыз өзім шығара алмас едім, қолымның әлі кетіп, тұла бойым тоңазып кетті. Полиция қызметкерлері кейін жағдайымды біліп, алғысын білдірді, – дейді Әди.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз