Экологиясы нашар өңірде онкология өршіп тұр…

456 1 750x445 1 Жаңалықтар

Экологиялық ахуалы нашар өңірдің қатарында Атырау облысы да бар. Еліміздегі ауасы ластанған 10 шаһардың тізіміне Атырау қаласы енген. Бұл өңір тұрғындарының арасында түрлі аурудың белең алуына әсер етіп отыр.

«Қазір облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 4 500 адам тұр. Оларға 31 дәрігер медициналық қызмет көрсетеді. Биыл диспансерге жаңа ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға бюджеттен қаржы бөлінетіні күтіліп ортыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін диспансер орналасқан қазіргі ғимараты бұзылып, орны күреледі. Ал, келесі жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін онкологиялық диспансер уақытша облыстық аурухананың ғимаратына көшіріледі» деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз