img 20201204 wa0085

Мұқырлық оқушылар мектепте бақ жасақтап, тотықұс, тасбақа өсіріп жатыр (+ ВИДЕО)

ATR.TV Білім Жаңалықтар
9 / 100

«Мұқыр орта мектебіндегі ерекше ботаникалық бақ бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тірі табиғатты баптап-күтуге оқушылар жұмылдырылған» деп хабарлайды Атырау облысы білім басқармасының баспасөз-қызметі.

«6-7, 8-9 сынып оқушылары топтастырылған бақта үй жағдайындағы түрлі гүлдермен бірге, тотықұс, тасбақа, балықтар өсіріліп жатыр. Үй жануарларын қоректендіру, суын ауыстыру, өсімдіктерді баптау оқушыларға жүктелген. Осылайша, оқушылар практикалық тұрғыда айналысу арқылы, арнайы дайындық жолымен ғылыми жобалар қорғайды. Біздің мақсатымыз – балаларды жастайынан қоршаған ортаны қорғауға баулу» дейді Мұқыр орта мектебінің директоры Венера Мырзағалиева.

Жаңаша форматта білім беріп отырған «Жас натуралистер» үйірмесінің жетекшісі, биолог Мейрамгүл Медининаның айтуынша, тірі табиғатты күтумен бірге, зерттеу жобаларын да қоса жүргізіп жатыр.

«Үйірмеде 11-14 жас аралығындағы оқушылар төрт топқа бөлініп жұмыс жасауда.

Нұрай​ Сисенбай мен Салтанат Жұмабай есімді екі оқушымыз республикалық деңгейде өткен «Табиғатты аяла» байқауының облыстық кезеңінде «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша, бірінші​ орынды жеңіп алды. Сайыстың республикалық кезеңінде үшінші орынды иеленді. Елена Беркінғали есімді оқушым «Қызыл құлақты тасбақалардың тіршілігі» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын​ жасау үстінде» дейді ол.

img 20201204 wa0081
img 20201204 wa0080
img 20201204 wa0083

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған