Ұлы дала тарихы мен мәдениеті

capture 20240314 153045 1 Ұлттық құрылтай

Секциялық отырыста әдебиет саласы, оның ішінде балалар әдебиетін дамыту мәселелері сөз болды. Кітап шығару ісі де талқыланды. Осы орайда  Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет бердім.

Қоғамды толғантып отырған дін саласы, лудоманияға тәуелділік туралы көкейкесті мәселелер кеңінен талқыланды. Оған қоса өнер, геральдика салаларындағы заң жобалары Парламент Сенаты пен Мәжілісте талқыланып жатқандығын атап өту керек.

Секцияда көтерілген мәселелердің барлығы құрылтайдың хаттамасына енгізіліп, тиісті министрліктер осы ұсыныстарды зерделеп, оны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді. Айтылған ұсыныстар еліміздің дамуына, мәдениеттің өркен жаюына септігін тигізетіні анық. Құрылтайда Президент еліміздегі әр саланың дамуы туралы бағасын беріп, сол бағытта атқарылуы тиіс тапсырмалар береді деп күтілуде.

Үшінші құрылтай мүшелерінің тең жартысы сөз сөйлеп, өте өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе, өңірлерден келген құрылтай мүшелері аймақтағы қордаланған түйткілдерін де ортаға салды. Соның ішінде ауылдық жерлерде мәдениет ошақтарын көбейту, өнер иелерінің іс-шараларын ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне қатысты ұтымды ұсыныстар да айтылды.

Оған қоса министрлікке қарасты «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мəдени музей-қорығымен қатар, аспан астындағы он екі музейдің жаңа бағытта дамуы, оның танымдық бағытындағы жұмысын арттыруды да көздеп отырмыз. Ол үшін шетелдік ғалымдарды жұмылдырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін шекара сыртында да таныту жұмысы қолға алынады.

Аида БАЛАЕВА,

Мәдениет және ақпарат министрі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз